Вице-министр Әлия Шалабекова жануарларға қамқорлық жасағысы келетін оларға бей-жай қарамайтын адамдар қоғамдық инспектор бола алатынын айтты. Заңды түрде, бұл психоневрологиялық диспансерде де, наркологиялық диспансерде де тіркелмеген кәмелетке толған азаматтар болуы керек, жануарларға қатыгездік жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған болуы тиіс. 


«Қазір бұл іспен волонтерлер айналысады, олар Қазақстанда қаңғыбас және қараусыз қалған жануарларға қамқорлық жасайды, олар қоғамдық инспекторлар, бақылаушылар болады және жұмыс уақытында панаға кіре алады, егер фактілер тіркелсе, уәкілетті органдар жануарларға қатыгездікке жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдай алады. Заң жобасында уәкілетті органда қоғамдық бақылау жүргізу ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша құзырет енгізілген, сондықтан, егер қандай да бір нақты ұсыныстарыңыз болса, оның үстіне заңға тәуелді акті осы заң жобасын іске асыру үшін біраз уақыттан кейін қабылданатындықтан, сіз айтқан мысалдарды болашақта болдырмау үшін пысықтауды ұсынамын»,- деді спикер жануарларға бей-жай қарамайтындарды ынтымақтастыққа шақыра отырып.