Талқылау барысында құқық қорғаушылар алдағы заң шығару процесінің тиімділігін қамтамасыз ету, конституциялық түзетулерді іске асыру үшін әзірленетін заң жобаларын кеңінен талқылау бойынша ұсыныстар айтты. Құқық қорғаушылар жаңа конституциялық тетіктерді іске асыру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермеу үшін заң жобаларын әзірлеушілер назар аударуға тиіс негізгі тұстарды белгіледі.

Кездесуге қатысушылар адам құқықтары мен Заң Үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар туралы Үкіметтің қабылданған екінші жоспарына қатысты пікір алмасты. Құқық қорғаушылар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа тетігін күшейтетін әрекеттер алгоритмін ұсынды және оны әзірлеу мен талқылауға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.