«Қоғамның «Жаңа Қазақстан» идеясы тұжырымдамаларында қалай өзгеретінін және болашағы қандай болатынын референдум қорытындысына қарап айта аламыз. Конституциялық түзетулер институционалдық деңгейде өзгереді. Бұл туралы бұған дейін жүргізілген түсіндіру жұмыстарында айтылды. Қоғам өзінің мүдделілігін, ел дамуындағы конституциялық өзгерістерге деген көзқарасының ашықтығын, сауаттылығын көрсетті. Оның бәрін дауыстардан көруге болады. Бұдан әрі саяси реформаларды сенімді түрде жүргізу мақсатында түрлі институционалдық деңгейде билік құзыреттерінің өзгеріске ұшырауы, олардың тепе-теңдік сақтаудағы құзыреттік өкілеттіктерінің өзгеруі, өзінің тиісті бюрократиялық уақытына сәйкес және заңнамалық, заңдық өзгерістеріне байланысты қадамдар жасалады. Жаңа өзгерістер баптар, конституциялық заңдар негізінде көрініс табады. Мұның барлығы демократиялық қадамдардың тереңдегенін көрсетеді, қоғамның да үніне құлақ астық, биліктің де қоғамға деген көзқарасы белгілі, саяси реформаларда басымдықтар жүзеге асырылады», - деді спикер.