Атап айтқанда, құжатта ЕО 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаңтар оқиғаларынан кейін басталған әлеуметтік-экономикалық реформаларға қосымша саяси реформаларды қолдайды деп жазылған.

«Сондай-ақ қоғамның пікірін тікелей сұрап, ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны референдумды бақылауға шақыру туралы шешім қабылданды. Болашақта Қазақстан үшін ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдарын толық орындау аса маңызды болады. Қазақстан Еуропалық Одақ үшін маңызды әрі құнды әріптес болып қала береді. Біз кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімімізге сәйкес, соның ішінде бейбіт жиындардың негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету, пікір білдіру және қауымдастықтар, сондай-ақ өзара байланыстылықты, сауда мен ынтымақтастықты дамыту салаларындағы міндеттемелерді орындау бойынша жұмыс істейміз», - делінген хабарламада.

 

Еуропалық сыртқы байланыстар қызметінің 2022 жылғы 7 маусымдағы Қазақстандағы референдумның қорытындылары бойынша мәлімдемесі