Елордада Қазақстанның спорт тарихында тұңғыш рет халықаралық деңгейдегі ауқымды турнирдің ресми ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Садақ ату федерациясының басшылығы мен танымал спортшылар қатысты.

Жарыста Австрия, Ресей, Беларусь, Чехия, Польша, Грузия, Бангладеш секілді Европа, Азия елдерінен және ТМД елдерінен 150 шамасында кәсіпқой спортшылар өнер көрсетеді.

Айта кету керек халықаралық дәрежедегі жарысқа қатысушылардың арасында көптеген көрнекті спортшылар – Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем және Азия, Европа чемпионаттарының қатысушылары, жүлдегерлері бар.

Турнир аясында жеке және командалық біріншілік жаттығуларында 12 медаль жиынтығы ойнатылады.