Оның айтуынша, қылмыстық заңнамада бас бостандығынан айыруға дейінгі қатаң шаралар қарастырылған. Бұл тек адам саудасымен ғана байланысты емес, қылмыстық кодексте жеке құрам, жеке қылмыс ретінде бөлінген – бұл кәмелетке толмағандарды сатып алу-сату. Өкінішке орай, мұндай фактілер Қазақстанда да бар: олар жаппай сипатқа ие болмаса да, қол қусырып отырмауымыз керек. Сонымен қатар адамдар мұндай жағдайға еркінен тыс қана емес, өз келісімімен де түсетін жағдайлар болады.  

 
«Яғни, олар көбінесе жұмыспен қамтудың қиын жағдайларына, күмәнді, күдікті еңбек жағдайларына келіседі, көбінесе бұзушылықтарға барады. Полиция қаншалықты тиімді жұмыс істесе де, бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр. Атап айтқанда, бұл жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау мәселелері, сондай-ақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, адамдар бұған бірінші рет тап болып отырмаған жағдайлар да болады. Яғни, бұл қылмыс ұзаққа созылады. Сондықтан алдын алу, болдырмау, талдау керек, тиісінше, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысы өте маңызды. Бұл қылмысты анықтауға және жазалауға тікелей бағытталған жұмыс, сондай-ақ елдің әлеуметтік саясатымен байланысты алдын алу. Сондықтан біз осы заңның қабылдануын құптаймыз. Келесі жылдың бірінші жартысында заң жобасы Үкіметтің талқысына ұсынылуы тиіс. Содан кейін Парламент депутаттарының қарауына жіберіледі. Жеке заң қабылдау бағытындағы жұмыстың халықаралық оң тәжірибесі бар, сондықтан біз ұлттық сарапшыларды тартып қана қоймай, жаңа нәрсе ойлап таппай, ұлттық болмысымызға жағатын және ел заңнамасындағы ұлттық тәсілдерге сәйкес келетін оңтайлы шараларды пайдалануға мүмкіндік беретін халықаралық сарапшыларды шақырамыз», - деді Омбудсмен.