Кинофестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, фильм 13 қыркүйекте Мукими атындағы Ташкент музыкалық драма және комедия театрында көрермен назарына ұсынылады.

Режиссер Алдияр Байракимов түсірген «Паралимпиадашы» фильмінің сюжеті Олимпиада алтынын армандаған шаңғышы Мақсаттың жол апатына ұшырап, аяғынан айырылуы туралы баяндайды. Ұзақ ішкі тәжірибеден кейін Мақсат спортқа қайта оралуды ұйғарады.

Такеши Китано, Арманд Ассанте, Бурак Озчевит, Сергей Безруков, Джонни Депп (онлайн), Тимур Бекмамбетов сияқты әлемдік кинематографияның алпауыттары Ташкентте өтетін халықаралық кинофестивальдің құрметті қонағы болатыны осыған дейін хабарланған болатын.

Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің халықаралық кинофестивалі ретінде белгілі Ташкент кинофестивалі дәстүрлі түрде Өзбекстан астанасында 1968-1997 жылдар аралығында өтті. «Жібек жолының інжу-маржаны» кинофестивалі Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен 2021 жылы қайта жанданып, жыл сайынғы шараға айналды.