«МӘМС жүйесінде көмекті алу үшін ай сайын жарна төлеу міндетті. Сонымен қатар адам қандай да бір себептер бойынша МӘМС жарналарын төлеуді жүзеге асыра алмайтын кезең басталған жағдайда, яғни бір немесе екі ай жарналар төлеу мүмкіндігі болмағанда, МӘМС жүйесіне жарналар төлемегеннен кейін үш ай ішінде МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді алу мүмкіндігі болады. Халықтың сақтандырылмаған бөлігін МӘМС жүйесімен қамту үшін 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап МӘМС туралы заңға түзетулер күшіне енді. Ол түзету дербес төлеушілерге МӘМС жарнасын 12 айға алдын ала төлеу және өткен айларға қарызын кешіру арқылы жүйеге қосылуға балама тетік ұсынады. Қазіргі кезде бұл жөнінде белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктерге саны 300 мың адамнан кем түспейтін, жыл соңына дейін қамтылуға тиіс адамдардың болжамды саны жіберілді», - деді департамент директоры. 


Оның айтуынша, мемлекетік органдар МӘМС жүйесіне 500 мың адамға дейін тартуға мүмкіндік беретін платформа арқылы жұмыспен қамтуды формалдау шараларын қабылдап жатыр.