Оның айтуынша, биылғы көрсеткіш былтырғы осы кезеңдегі деңгейден 1,5 млн теңгеге асып түсті. 

«Сонымен қатар, біз екінші жартыжылдықтан бастап сауданың дәстүрлі өсуін күтудеміз. Ағымдағы жылдың 5 айында саудаға салынған инвестициялар көлемі 121 млрд теңгені құрады. Енді ішкі сауданы дамыту министрлігінің қызметіне тікелей көшкім келеді. Сауда саласының заңнамалық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Сауда қызметтеріне, ұсақ бөлшек сауда желілеріне, базарларға, қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, электрондық саудаға қойылатын жалпы талаптар, сондай-ақ 9 ұлттық және 1 мемлекетаралық стандартқа байланысты персоналға қойылатын талаптар стандартталатын болады», – деді спикер. 

Жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу бойынша талаптар егжей-тегжейлі нақтыланған. Жергілікті атқарушы органдар орналасқан жері көрсетілген жәрмеңкелерді өткізу күнтізбесін бекітеді, оның тақырыбын айқындайды және қазақстандық өнім өндірушілерді тегін сауда орындарымен қамтамасыз етеді.

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын бөлу бойынша ЖАО конкурстарын өткізу нормалары белгіленеді. Бұдан басқа, Ережеге төмендетілген тауарларды өткізу бойынша жекелеген талаптар және сатуды өткізу тәртібі енгізілген. 

«Жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық бөлімшелер үшін ішкі сауданың негізгі көрсеткіштерін айқындау мақсатында есептеулердің тиісті тәртібі әзірленді. Бұл жобаны қабылдау сауда инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға назар аударуға мүмкіндік береді, сондай-ақ сауданың қазіргі заманғы форматтарының тұрақты және теңгерімді өсуіне жағдай жасайды», - деп түйіндеді ведомство өкілі.