Бүгінгі күні Қазақстан көптеген азық-түліктерді қамтамасыз етеді, олар бойынша кейбір импортқа тәуелділік бар: шұжық өнімдері, құс еті, салқындатылған балық, құмшекер, ірімшік, сүзбе және алма. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР АШМ вице-министрі Нұрбек Дайырбеков мәлім етті.

«Айтылған позициялар бойынша азық – түлікпен қамтамасыз ету шамамен бір ай, салқындатылған балық бойынша-100 күннен астам уақытты құрайды. Сондықтан базарда азық-түлік жеткілікті болады»,- деп сендірді Н.Дайырбеков.