2020 жылы МӘМС жарна мен аударым ретінде 550 млрд. теңге түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

Қаржының басым бөлігі жеңілдік жасалған топтар үшін төленген мемлекеттік жарналарға тиесілі – азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін 297,6 млрд. теңге аударылды. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін аударымның жалпы сомасы 162,6 млрд. теңге мөлшерінде. Сонымен қатар жеке тұлғалардың жарнасы 16%.

«МӘМС түскен барлық қаражат халыққа медициналық көмек көрсетуге жұмсалады. Өткен жылы қордың медициналық қызметтерді сатып алу жоспары 1 807 млрд. теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артты. ТМККК қаржыландыру – 1 237,7 млрд. теңгені, МӘМС – 569,3 млрд. теңге мөлшерінде» – деді Б.Төкежанов.