Қазақстандағы оптика үлесі 64%-ға жетті, ал 2027 жылға қарай спутниктік интернет 120 мыңнан астам үй шаруашылығын қамтиды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм-арнасы.

2025-2027 жылдарға арналған инвестициялық келісім бойынша желілер тіпті рентабельді емес аудандарда да өткізіледі – жоспар 39% орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді.

Ауылдар мен мемлекеттік нысандар: 797 мектеп пен 303 фельдшерлік-акушерлік пунктті қоса алғанда, 1 183 ауыл (3 008 ауылдан) және 1 683 мемлекеттік мекеме қосылды. 16 444 шақырым магистральдық оптика тартылды.

Мыс кабельдерден бас тарту: қазіргі заманғы желілердегі абоненттердің үлесі 2024 жылғы 53%-дан 2026 жылы 64%-ға дейін өсті, бұл елдегі орташа интернетті 70%-ға жеделдетті.

Спутниктік байланыс: 2027 жылы Amazon LEO-мен бірлесіп 120 мыңнан астам үй шаруашылығына арналған спутниктік интернет іске қосылады – стансалар Ақкөл мен Алатауда салынып жатыр, үшіншісі Атырауда салынады. Қазақстанда есептеу қуаты артып, киберқауіпсіздік күшейе түсуде. 2026 жылдың қазан айында ұзындығы 380 шақырым суасты Транскаспий ТОБЖ іске қосылды, оның өткізу қабілеті 2036 жылға қарай 21 Тбит/с жетеді. Елдегі жергілікті трафиктің үлесі 53%-дан асты, ал 2026 жылдың қарашасында Қосшыда Al-Farabium-II суперкомпьютері іске қосылды (4 320 PFlops, 480 NVIDIA B300) чиптері). Сонымен қатар 2025 жылдың шілдесінен бастап Бас прокуратураның антифрод орталығының жасанды интеллект жүйелері 5 млн-нан астам алаяқтардың қоңырауларының жолын кесті. 

Цифрландыру қарқынын одан әрі жеделдету мақсатында Бағдат Мусин Үкімет қарауына заңнаманы жетілдіруге қатысты үш жүйелі ұсыныс енгізді: 

Байланысты негізгі қызметтермен теңестіру: электр, су және жылу бар базалық инфрақұрылымның бірдей құқықтық мәртебесін байланысқа кезең-кезеңімен бекіту.

Кабельдерді зақымдағаны үшін жауапкершілікті күшейту. 2026 жылдың 10 айында байланыс желілерінің зақымдануына қатысты 459 жағдай тіркелген. Соның салдарынан желілердің жұмысы жиынтығында 80 күнге тоқтаған. Ал қолданыстағы ең жоғары айыппұл мөлшері небәрі 120 АЕК-ті (519 мың теңге) құрайды. 

Жаңа ғимараттар үшін құрылыс стандарттарын енгізу: құрылыс салушыларға жаңа тұрғын үйлерді іске қосу кезінде әр пәтерге дейін оптикалық сымдарды және 5G базалық стансалары үшін жабдықталған орындарды қарастыруды міндеттеу.