Бұл көмек әрдайым материалдық бола бермейді. Иә, азық-түлікпен, заттармен көмектестік, моральдық қолдау да болды. Әр адам волонтер бола алады, ниет болу керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте «Клуб добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Әбдірашева осылай деді.

Белсенді өзінен «волонтер қандай болады?» деп жиі сұрайтынын жеткізді. Оның байқаулары бойынша, бұл – ақ жүрек адамдар, ал Қазақстанда ондай жандар көп.

«Волонтердің ресми портреті жоқ. Бізде бес жасар қыз бар, ол ойыншықтарын жинап, аз қамтамасыз етілген балаларға береді. 83 жастағы әже бар, ол да ерікті: қолдан тоқыған қолғап, шұлықты қамқорлығымыздағы басқа жалғызбасты қарттарға береді. Бірақ, студенттер көп. Оларға қандай да бір сертификаттар немесе оқу гранттары берілсе екен деймін», - деді Әбдірашева ізгі ниетін білдіре отырып.

Өйткені, жақсы үрдіс байқалады.

«Біздің халқымыз өте мейірімді. Бұрын «жігіттер, хайуанаттар бағы және байланыс хайуанаттар бағы – бұл дұрыс емес» дегенде мені қолдаушылар аз болса, қазір әлеуметтік желілерде кең таралудың арқасында, волонтер – бұл адамдар мен жануарларға көмектесетін адам деп айтуға болады. Бізде жануарларды қорғау бойынша жақсы үрдіс байқалады. Бұл туралы неге айта беремін? Себебі мен үшін бұл өзекті мәселе. Мен клубқа қараймын, адамдарға, жазылушыларға қараймын, пікірлерді оқимын. Қазір көмектескісі келетін, бір нәрсені жақсы жаққа өзгерткісі келетін адамдар көп. Адамдар дұрыс ойлайды. Қазақстанда қайырымдылық жасауға жақсы негіз бар. Көп жағдайда адамдардың көмектескісі келеді, бірақ оны қалай істерін білмейді. Олар: «мен меценат емеспін, бизнесмен емеспін, артық ақша жоқ» дейді. Бірақ өз ресурсыңды да пайдаланып көмектесуге болады. Бүгін – Мүгедектер күні. «Клуб добряков» 22 мүгедек атаға, 8 мүгедек әжеге және 20 балаға барды. Оларға сыйлықтар апарды. Біреуі пісірген өнімін ала барса, екіншісі тіккен дүниесін табыстады, тағы бірі сурет салды. Олар айфон мен айпад күтпейді, оларға көңіл, сөйлесу керек», - деді Гүлмира Әбдірашева адамдарға жақсылық жасаудың мүмкін жолдарына тоқтала отырып. Бұдан басқа, қан доноры бола аласыз.