Жергілікті атқарушы органдар медициналық техниканы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімінсіз жергілікті бюджет қаражаты шеңберінде дербес сатып алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ведомство басшысы Алексей Цой мәлімдеді.

А. Цой атап өткендей, ИВЛ аппараттарының кең ауқымына қарамастан, қазір бүкіл әлемде аталған жабдықтың жалпы тапшылығы бар, көптеген зауыттар бағаны көтереді немесе жеткізу мерзімін ұзартады. Сондықтан көптеген ұйымдар нарықта барынша қолжетімді жабдықты іздейді. Жабдықты Қазақстанға жеткізу мерзімі туралы мәселе жиі туындайды.

«Кез келген жағдайда медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде біз ӨЖЖ аппараттарын жеткізу құны мен жылдамдығын тексеруді ұсынамыз», - деп толықтырды А. Цой.