Ақпан айының басында Қазақстанға 20 мың дозаға дейінгі көлемде ресейлік өндірістің «Гам-Ковид-ВАК» (Спутник V) бірінші партиясы жеткізілмек, деп хабарлады бүгін ОКҚ өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Оның айтуынша, аталған партияны ҚР аумағына бір реттік әкелу арқылы жеткізуге Ресей тарапымен тиісті келісімдер бар.

«15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірісінің «Спутник V» вакцинасы тіркеледі. Қазіргі кезде 90 мың доза көлеміндегі бірінші партияның өндірісі басталды, ол 26 ақпаннан бастап Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына және одан әрі өңірлерге жөнелтіледі. Кейіннен шілде айына дейін өндіріс көлемі 2 млн дозаға дейін жеткізілетін болады», - деді бірінші вице-министр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл вакцинаның тиімділігі шамамен 92% құрайды.