Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистің жолдаған сауалына осылай деп жауап берді. Оның айтуынша, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету - өте күрделі маңызды мәселе.

«Бұл ретте Ақпарат министрлігі бұл салаға жауапты болады. Сонымен қатар, әр мемлекеттік органда арнайы осыған жауапты бөлімше, я болмаса нақты қызметкер тағайындалады. Біз үйлестіру және қадағалау органы ретінде әр мемлекеттік органның бұл саладағы тиімділігі мен нәтижелілігін саралап, қадағалап отырамыз», - деді ведомство басшысы.

Аида Балаева атап өткендейі, жыл сайын жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша сараптамалық құжат әзірленіп, Президентке ұсынылады. Министр барлық мемлекеттік органдардың бұл саладағы жұмыстарын тиімді және ашық атқаратынына сенімін білдірді.