Қостанайда 250 төсек-орындық провизорлық стационар ашылды. Оған қосымша дәрігерлер мен қалалық емханалардан орта медициналық қызметкерлер тартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов хабарлады.

Қазіргі уақытта Қостанай облысында инфекцияға қарсы күресу үшін 1 668 төсек-орын бар немесе облыстың барлық төсек-орын қуатының 36%. Оның ішінде 584 инфекциялық төсек-орын, яғни коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға арналған. 1 084 провизорлық төсек-орын – ауруға тән симптомдары бар науқастарды оқшаулауға арналған, олардың 72% пайдаланылуда.

Медицина қызметкерлері қажетті жеке қорғаныш құралдарымен, жабдықтармен, инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз етілген.