ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Мемлекет басшысының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында министрлік Жер және Кәсіпкерлік кодекстеріне түзетулер енгізгенін айтты:

-тексеру кезеңдерін және пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің қайтару мерзімдерін 2 жылдан бір жылға дейін қысқарту, бақылау субъектілеріне бармай профилактикалық бақылауды енгізу;

  • мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсіміне ұқсас пайдаланылмайтын жерлерді алып қоюға байланысты соттардың істерді қарауының ерекше тәртібі;
  • ұялы байланыс арналары бойынша мәтіндік хабарламалар арқылы тексеру субъектісін хабардар ету рәсімін автоматтандыру.

Анықтама: қазіргі уақытта жер учаскелері қағаз жүзінде үш тәсілмен рәсімделеді:

1) тікелей беру арқылы;

2) сауда-саттықта (аукционда) ұсыну);

3) ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы беру