Атырау облысының аумағында 27 наурыз мен 7 шілде аралығында симптомсыз COVID-19 расталған 6 156 оқиға тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникация қызметі.

Коронавирусты жұқтырғандардың ең көп саны Жылыой ауданында, 2 822 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 063 оқиға Теңіз кен орнында анықталды. Коронавирусты жұқтырғандардың көпшілігі 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар.

«Скрининг кезінде 3 373 оқиға анықталды. Ал 1 902 адам науқаспен байланыста болғандар. Қалғандарының вирусы медициналық көмекке өз бетінше жүгінгенде анықталды. Сондай - ақ, үйлену тойлары мен асқа жиналған аудандар мен ауылдық жерлердегі адамдар да вирустың таралуына ықпал етті», - деп атап өтті облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.