Қазақстанның 18,7 млн халқы 6459 елді мекенде тұрады. 4751 елді мекенде тұратын 17,5 млн адам интернетке қолжеткізіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Оның мәліметінше, «Ауылға ТОБЖ орнату» жобасы жалпы ел бойынша 2,4 млн адамды қамтиды. Ел бойынша 20 мың шақырым «оптика» төселіп, 3,5 мың мемлекеттік нысан қосылды.

«Талшықты-оптикалық байланыс желісі – ТОБЖ – газбен немесе сумен қамтамасыз еткенмен бірдей. Біз интернетті ауылға – мектептерге, ауруханаларға және әкімдіктерге жеткіземіз. Әр үйге тарту - бұл «мобильді интернет» жобасы. 928 ауылдық және шалғайдағы елді мекендерде 601 мыңнан астам адамды қамтитыны антенна-мачталық құрылғылар, базалық станциялар орнатылды», - деді Мусин ТОБЖ-дың қымбат екенін және әрбір елді мекенге тарту салыстырмалы түрде қиын екенінатап өтіп өтіп, бірақ министрлік бұл мәселенің шейринг шарты деп аталатын бірегей шешімін тапты.

Барлық ұялы байланыс операторлары келісімге келді. Мысалы, үш түрлі қондырғының орнына 3 оператор бір ортақ «мачтадан» сигнал ұстап, тарататын болады.

«Байланыс операторларының жеке радиожиіліктерді пайдалануға лицензиялары бар, бірақ белгілі бір жиіліктерді тек операторлар ғана сатып алмайды немесе жалға алмайды. Біз радиожиіліктерді бөлу қағидаларын қайта қарауды және арттыруға міндетті аукциондық сауда-саттық енгізуді ұсындық», - деп түйіндеді министр.