Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында сөйлеген сөзінде Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары Асқар Жаппарқұлов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарында монополияға қарсы қабылданып жатқан шаралары туралы хабардар етті.

Кәсіпкерлік Кодекске сілтеме жасай отырып, ҚР ҰЭМ өкілі монополияға қарсы ден қою шаралары монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері кезінде ғана, бірақ бағаның өсуін тежеу мақсатында емес, қолданылуы мүмкін екенін хабарлады.

Монополияға қарсы комитет төрағасының ақпараты бойынша қызметтік тексеру барысында 290 хабарлама (98 – жеміс – көкөніс өнімдері, 71 нан-тоқаш тауарлары, ұн және макарон өнімдері, 33 – жарма, 21 – қант, 23-сүт өнімдері, 13-сиыр еті және 31-басқалары) шығарылды, олардың 261-і (91%) орындалды, 11 хабарлама бойынша мерзімдер келмеді, 18 хабарлама орындалмаған.

Анықтама: жыл басынан бастап 13 тергеу тағайындалды, оның ішінде: нан, қарақұмық жармасы және күнбағыс майы бойынша 4 тергеу жалғастырылуда; а.ж. сәуірінен бастап қант, сары май, күріш, ұн және жеміс - көкөніс өнімдерінің (картоп, сәбіз, пияз) және басқа да азық-түлік тауарлары бойынша 19 тергеу жалғастырылуда. Баға сөз байласу фактілерін растаумен және айыппұл салумен 5 тергеу аяқталды, қалған тергеу жалғасуда.

«Біз барлық баға белгілеу тізбегін, тауарларды сөрелерге жеткізуді талдаймыз және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құнына әсер ететін кейбір шектеулердің бар екендігін көріп отырмыз. Егер біз бұл шектеулерді алып тастасақ, онда бұл азық - түліктің соңғы бағасына оң әсер етеді»,- деп толықтырды А.Жаппарқұлов.