Астықтың экспорттық және сатып алу бағалары бойынша болжамдар қандай? Көпшілікті алаңдатқан бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді.

Спикердің атап өтуінше, егін жинау компаниясының динамикасы жаңа өнім көлемі бұрын айтылған болжамға сәйкес келуі мүмкін.

«Астық өндіру деңгейі 18 млн тонна көлемінде болады деп болжанып отыр. Бұл елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның белгілі бір көлемін экспортқа жөнелтуге мүмкіндік береді», - деді А.Сапаров.

Сонымен қатар, Айдарбек Сапаров биылғы астық сатып алу бағасына тоқталды. Оның пікірінше, ҚР АШМ астықты сатып алу үшін ұсынатын баға фермерлерге табыстылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады және ұн мен нан бағасының жасанды түрде көтерілуіне негіз болмайды.