Еліміздің бас санитарлық дәрігері кезекті рет қазақстандықтарды карантин кезінде санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырды. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, өз денсаулығы мен айналасындағыларға немқұрайлы қарау тізбекті реакцияға алып келді.

«Адамдар салтанатты шаралар, үйлену тойларын, ас беруді өткізуді жалғастыруда. Кем дегенде 15 адам ауру жұқтырады. Үйге келіп, отбасы мүшелеріне жұқтырады. Олар жұмысқа барады... Нәтижесінде, біз 100 адамды қамтитын инфекцияның 5-6 тізбегін байқап отырмыз», - деп санитарлық дәрігер қорқынышты статистиканы келтірді.