Қағидаларға сәйкес, зейнетақы төлемдерін жеке тұрғын үй құрылысына жұмсауға болады. Ол үшін құжаттар топтамасы қажет, ал ең бастысы үшін тиісті келісімшарттар болуы керек. Жер үй салатын азамат міндетті түрде құжаттар жинайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, құрылыс компаниясы, техникалық қадағалау мен тапсырыс берушінің арасында келісімшарт жасалу тиіс.

«Жеке тұрғын үй құрылысы барысында міндетті түрде лицензиясы бар құрылыс компаниясының қызметтері пайдаланылуы керек. Құрылыс жұмыстары сол лицензиямен жүргізілуі тиіс. Құжатсыз бұл қаржыны жұмсай алмайды. Өздеріңізге белгілі, құрылыс компаниясы атқарылған жұмыстар актісін тапсырған кезде барлық құжаттарды, сауда орындарынан алған құрылыс заттарының саны мен сапасы жөнінде толық құжаттар жинап, өткізеді», - деді спикер журналистің жер үй салуға берілетін қаржы қалай бақыланады деген сұрағына жауап бере отырып.