ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Бизнестегі іскер ханымдардың табыс кілті: Жобалар, бастамалар және алдағы жоспар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға кеңес төрайымы Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы, сондай-ақ, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.

«Қазақстанда шағын және орта бизнестің 60%-дан астамын әйелдер басқарады. Бұл тіпті дамыған елдер деңгейінен асып түседі (АҚШ – 52%, Германия – 50%, Жапония-55%). Әйелдер білім беру және денсаулық сақтау сияқты мемлекеттің тыныс-тіршілігі мен дамуы үшін аса маңызды салаларда көшбасшы болып табылады. Қазақстандық әйелдер елдің ЖІӨ-нің шамамен 40% - ын құрайды. Бұл көрсеткішті одан әрі көтеру мақсатында былтыр «Атамекен» ҚР ҰКП өңірлерде іскер әйелдер кеңесінің басшылары әйелдер кәсіпкерлігін тұрақты дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру мақсатында әйелдер кәсіпкерлігін тұрақты дамыту және қолдау қорын құрды. Қордың құрылуы барлық кәсіпкерлер үшін микрокредит беру тетігі арқылы қаржыға қол жеткізу проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Біз инвесторлармен меморандумдар жасадық» - деді Лаззат Рамазанова.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және олардың бастамаларын қолдау бағытында мақсатты қарыз беру (жалпы көлемі 3 млрд.теңгені құрайды) арқылы жеңілдікпен микрокредит алу бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда 400-ге жуық өтінім қаралып, солардың 372-сі қанағаттандырылған. (3 млрд.теңгеге қарыз алған). Бұл былтыр «Халық банкі» АҚ-мен жасалған екіжақты меморандум негізінде іске асқан.

Баспасөз конференциясында әйелдер кәсіпкерлігін білім беру бағдарламалары арқылы дамыту мәселесі де айтылды. Еліміздің 11 өңірінде «Атамекен» ҚР ҰКП мен Азия даму банкі арасында қол қойылған келісім бойынша «Ауылдық аймақтарда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» атты семинар-тренинг ұйымдастырылып келеді. Семинарға 500-ден астам кәсіпкер әйелдер қатысты. Жоспар бойынша аталмыш семинар Қазақстанның барлық өңірінде өтеді деп жоспарланған.

– Семинар нәтижелері бойынша әйелдер бизнесті жүргізу бойынша жаңа білім алып қана қоймай, бизнесті қолдаудың барлық құралдарын да сатып алды, онлайн-бизнесті жүргізу бойынша әлеуетті арттырды, дәлірек айтқанда, SMM-маркетинг, таргеттелген жарнама бойынша білімдерін шыңдады, - деді Лаззат Керімқұлқызы.

Сонымен бірге, Палата әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың жаңа нысандарын құру, әсіресе, ауылдық жерлердегі әйелдер бизнесін дамыту бағытында «БҰҰ-әйелдер» құрылымының және ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен шағын отбасылық бизнесті ашу бойынша жәрдемақы ретінде «Әйелдер кәсіпкерлігіне арналған 100 идея» электрондық каталогын әзірледі. Бұл тек өз ісін бастауды жоспарлап отырған, бірақ жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар үшін тамаша мүмкіндік. Каталог жақында таныстырылады және «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ресми сайтында жарияланады.

Брифинг барысында жеңіл өнеркәсіп дамыту мақсатында осымен екінші жыл қатарынан өткізілетін «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлері ұлттық байқауының басталғаны хабарланды. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту бүгінгі күні басым бағыттардың бірі болып табылады, өйткені саланың әлеуметтік маңызы жоғары, халықты жұмыспен қамтамасыз етудің ең оңтайлы тұсы да осында. Айта кету керек, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 1071 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бар, оның ішінде: ірі – 12, орташа-26, шағын – 1033.

Жеңіл өнеркәсіпте барлығы 12,7 мың адам жұмыс істесе, 322 кәсіпорын – тоқыма бұйымдарын өндіру, 632 кәсіпорын – киім өндіру, 117 кәсіпорын – былғары және оған жататын өнім өндірісімен айналысады. 2019 жылдың желтоқсанында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімінде «ALTYN OIMAQ» байқауының бес лауреаты марапатталып, 1-еуі «Бас жүлдеге» ие болды. Байқау жеңімпаздары 1 млн.теңге көлемінде қаржылай сыйақы алып, мүсінше мен дипломға ие болды.