Әкімдер мен депутаттар қызметтерді жалпы негізде, сондай-ақ барлық азаматтар сияқты алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдеді.

«Мемлекеттік және саяси қызметкерлер инфекциялық стационарларда ауырлық жағдайы бойынша, жеңіл және орташа ауырлық дәрежесі бойынша – үйде ем алады. Ведомстволық ауруханаларда жұқпалы ауруларды емдеу қарастырылмаған. Олардың мұндай қызметке лицензиясы жоқ», - деп толықтырды вице-министр.