Бұл көрсеткіш 2020 жылғы 1 наурыз - 31 қазан аралығында тіркелген. Орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осындай мәліметті келтіріп өтті.

«Қайтыс болғандардың диагноздары келесі сыныптар бойынша бөлінеді: тыныс алу жүйесі аурулары – 332, қан айналымы жүйесі аурулары 235, эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және алмасудың бұзылуы – 34 жағдай, жаңа өскіндер – 32 жағдай, т.б. 76 жағдай тіркелген», - деді Е.Байтанаев журналистің сұрағына берген жауабында.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері азаматтарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырады.