КВИ инфекциясын жұқтыру жағдайларының өсуіне не себеп болды? Еліміздің бас санитарлық дәрігері Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде бірнеше себепті атап өтті. Біріншіден, көші-қонның жоғары болуы, шекара маңындағы өңірлерге жиі сапар жасау.

«Сырттан әкелінген этиология жағдайлары көп болды. Сонымен қатар, комиссия жеке ПТР зертханаларында тестілеу бас санитарлық дәрігердің қаулысымен белгіленген алгоритм бойынша жүргізілмегенін анықтады. Осы зертханалардың хабарламалары 3-5 тәулікке кешіктірілген, соның салдарынан санэпидқадағалау органдары жедел іс-шараларды кеш жүргізген», - деді Қиясов.

Бірақ ең жаманы – адамдардың немқұрайлылығы.

«Карантиндік іс-шараларды теріс пайдалану фактілері бар. Қоғамдық көлікте адамдардың 50%-ы қашықтықты сақтамай, бетпердесіз жүреді. Бұл жерде тікелей халыққа қатысты сұрақтар туындайды, олар, өкінішке орай, қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияға қатысты өздерінің сақтығын айтарлықтай төмендетті», - деп қорытты бас санитарлық дәрігер.