Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 13 наурыздан бастап КВИ-мен 104 718 адам тіркелген. Оның 92598-і емделді,10597 адам емделуді жалғастыруда, оның ішінде 52 бала. 309 пациент ауыр дәрежеде, тағы 50-і ӨЖЖ аппаратына қосылған. Статистиканы Орталық коммуникациялар қызметіндегі дәстүрлі брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте КВИ жұқтырудың 175 жаңа жағдайы тіркелген. 13 адам инфекцияны жеңе алмады. 22 тамызда теріс ПТР тестімен 24 744 адам тіркелді.