Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова жауап берді. Спикер кеңейту де, қысқартулар да болмайды деп сендірді.

«ІІМ жанындағы ТЖ комитеті бар, ол дербес ведомствоға айналады. Бұл ретте қосымша бюджет қаражаты немесе штат бірлігі бөлінбейді. Жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар мен Бәсекелестікті қорғау агенттіктерімен де солай. Жұмыстар қазіргі мемлекеттік органдардың функциялары мен штат бірліктерін беру есебінен жүргізу жоспарланған. Яғни, сол бюджет, функциялар мен штат», - деді агенттік басшысы.