Елімізде жылыту маусымы басталды, қазір өрт қаупі бар кезең өтуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Елімізде өрт қаупті кезең ағымдағы жылғы қараша айында аяқталатынын және осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

«Орта есеппен біздің бөлімшелеріміз күн сайын әртүрлі сипаттағы ТЖ жоюға 100-ден 150-ге рет барады. Әрине, өрт сөндіру оқиғалары басым. Ағымдағы жылдың 9 айында ел бойынша 9 мыңнан астам өрт орын алды, өртте 217 адам жарақат алды, 228 адам қаза болды. Жалпы, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өрттердің 10,4%-ға төмендегені байқалады: тұрғын секторда - 12,2%-ға, көлікте - 19,4%-ға, бақылаудағы объектілерде - 8,2%-ға», - деп қорытты спикер.