Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният әлеуметтік желілерде коронавирустық инфекциядан көз жұмған балалар санының артуы туралы ой-пікірлерді жоққа шығарды.

Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрақтарына жауап берген спикер статистикаға тоқталып өтті.

«Қазіргі кезде ел бойынша COVID-19 жұқтырған 73 400 адам тіркелді. Оның 61,8% жазылып шықты. Ауруханаларда 8 мыңға жуық адам пневмониядан емделіп жатыр. Мамыр айынан бері мыңнан аса бала ауырған. Ауруханаларда 100-ден астам бала жатыр. Олардың барлығы коронавирустық инфекцияның жеңіл түріне шалдыққан. Аурудан көз жұмғандар арасында балалар жоқ», - деді вице-министр.