Халық арасында, қоғамда талқыланып жатқан діни тақырыптарға ҚМДБ талдау және мониторинг жұмыстарын жүргізіп, қосымша бағдарламалар телеарнаның кестесіне енгізілетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Халық арнаның» таныстырылымында айтылды.

Арна басшысы Нұржан Дарқұловтың айтуынша «Халық арна» қазақ және орыс тілдерінде 24 сағат бойы хабар тарататын болады.

«Халық арна» телеарнасы – ақпараттық алаңда ҚМДБ-мен бірлесе жұмыс атқарып, діни басқарманың ұйымдастырушылық қызметіне жаңа серпін беретін болады. Бұдан бөлек арнада діни, тәрбиелік мәні зор бағдарламалар мен фильмдер көрсетілетін болады»,-деді Н.Дарқұлов