Кез келген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс немесе грант, ең алдымен, қоғамның қажеттіліктерін қамтуы керек. Бұл туралы Қазақстан Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz серіктестік пен дамудың 30 жылы» атты Қазақстанның IX Азаматтық форумының әлеуметтік пайдасы туралы баяндады. Оның айтуынша, көптеген жаңа идеялар, қызықты бастамалар айтылды. Бұл болашақта атқарылатын қыруар жұмыс.

«Біз қиын кезеңде өмір сүріп жатырмыз - оқшаулану уақытында, тіпті сенімсіздік туатын жағдайлар да болады. Сайлау қарсаңында өткізіліп жатқан бұл форум, көбі халық атынан дейді... Ал, шын мәнінде халық - бұл бәрі емес, халық - бұл әр адам. Қатысушылардың барлығы, белсенділер, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар маңызды тақырыптар бойынша проблемалар бар екенін жеткізді. Назар аударсаңыз, 40-қа жуық түрлі диалог алаңында барлық категориялар қамтылған. Кәрі де, жас та, бәрі проблемалар туралы ашық айтады. Менің ойымша, біздің форумның басты нәтижесі - бұл жаңа идеялардың пайда болуы, азаматтық қоғамның ынтымақтастығы. Біз бәріміз бірге өмірімізді жақсы жаққа қарай өзгерте алатынымызды түсіндік. Әлеуметтік апатия еңсерілді. Форум аяқталып, келесі кезең басталады, әрине, форум қорытындылары бойынша хаттама жазылады, барлық ұсынымдар жинақталады. Бірақ Азаматтық альянс президенті ретінде мен барлық ҮЕҰ-ның Аймақтық өкілдігі жаңа жұмыс бағытын берді дегім келеді. Біз бұл идеяларды жүзеге асыруымыз керек», - деді спикер.