COVID-19 емханалар мен амбулаторлық мекемелер деңгейінде таралуына жол бермеу үшін учаскелік қызметтердің барлық жұмысы дистанциялық форматқа ауыстырылды. Учаскелік дәрігерлердің барлық кеңестері онлайн-режимде өткізіледі. Шұғыл жағдайлар мен созылмалы аурулар кезінде мобильді бригадалар тартылады.

Анықтама: бір мобильді бригада 5 мың тұрғынға құрылады. Егер емханада 50 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілсе, онда медициналық мекеменің жанында 10-нан астам мобильді бригада құрылады. COVID-19, ЖРВИ симптомдары бар науқастарға жеке – зертханалық зерттеулер жүргізу үшін (биоматериал алу) шығатын жеке мобильді бригадалар бар.

Бұдан басқа, емханаларда Call-орталықтар бар, олар арқылы бейінді дәрігерлер тұрғындарға емдеу туралы кеңес береді, сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ, амбулаторияларда пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттер-сүзгілер, мониторинг және скрининг жүргізу үшін жүкті әйелдерге арналған бөлімшелер бар.