Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде «COVID-19 коронавирусты инфекция» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасы қолданылатынын хабарлады.

Аталған құжатты әзірлеу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды, оның құрамына практикалық денсаулық сақтаудың жетекші ғалымдары мен мамандары (инфекционистер, пульмонологтар, эпидемиологтар, акушер-гинекологтар, педиатрлар, анестезиолог-реаниматологтар, клиникалық фармакологтар, қан қызметінің мамандары және басқалар) енгізілген, жұмысты үйлестіру үшін Қазақстанның денсаулық сақтау саласының тәжірибелі ұйымдастырушылары тартылды.

Алғаш рет клиникалық хаттама биылғы жылдың қаңтар айының соңында әзірленді және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның 2020 жылғы 3 ақпандағы отырысында мақұлданды.

Клиникалық хаттаманы әзірлеу негізіне әлемдегі эпидемиологиялық жағдай шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарияланған деректері, коронавирустық инфекциямен күрес бойынша Қытайдың ұсынылған тәжірибесі, халықаралық ұйымдар басшыларының (ДДҰ, ЮНИСЕФ, СДС және т. б.) сөз сөйлеуі, COVID-19 мәселелері бойынша халықаралық БАҚ-та мақалалар кірді, сондай-ақ озық халықаралық ұйымдардың ұсынымдары мен халықаралық танымал журналдардағы ғылыми жарияланымдардың деректері пайдаланылды: CDC, The Lancet, International Society for Infectious Diseases, ДДҰ (WHO) және European Centre for Disease Prevention and Control.

Клиникалық хаттама клиникалық хаттамаларды әзірлеу/қайта қарау бойынша регламентке сәйкес жасалды. Еліміздің халқына сапалы және тиімді медициналық көмек көрсету үшін диагностика мен емдеудің барлық негізгі әдістерін қамтиды. Пайда болған жаңа халықаралық және отандық практикалардың негізінде КК жүйелі өзектілігі жүргізіледі және бүгінгі күні осы құжаттың 10-шы редакциясы қолданылады.

Клиникалық хаттама республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының сайтында орналастырылған және барлығына қолжетімді.