КВИ ықтимал жағдайы. Клиникалық Хаттамадағы жаңа ұғым. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Оның айтуынша, науқастар дер кезінде ем алуы үшін клиникалық хаттамаға «КВИ ықтимал жағдайы» ұғымы енгізілді және теріс ПТР –тестінің бар-жоғына қарамастан, науқастар КВИ-дан ем алады.

«ПТР-зерттеуде пневмония диагностикаланған науқастарды нәтиже теріс болады. Бұл, негізінен, рұқсат етіледі. Өйткені жоғарғы тыныс алу жолдарынан КВИ төменге түседі, сол кезде ПТР-тест әрқашан нәтиже көрсетпейді», - деп нақтылады Есмағамбетова. Және зертханалық зерттеулердің сапасын сырттай бағалау бар екенін атап өтті.