Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин және министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп журналистермен кездесті.

Спикерлер коронавирус инфекциясы бойынша бүгінгі күнгі тың мәліметтермен бөлісті. Елде коронавирус тіркелген жоқ. Дегенмен, ҚР Үкіметі ифекцияның елде таралмауына бақылауды күшейткен. Себебі, бұл дерт бойынша жағдай күннен күнге өзгеріп тұр. ҚХР дағы жағдай қалыпты болғанмен басқа елдерде күннен күнге ауру күрделенген. Қазір әлем бойынша 2544 науқас тіркелген. Мысалы Иран Республикасында 42 жағдай тіркеліп, оның 12-сі өлім жітіммен аяқталған. Оңтүстік Кореяда және Италияда 10 адам, Гонконгта 2 адам қайтыс болған.

Елімізде күрделі жағдайға байланысты ҚР Үкіметтің жаңа Қаулысы қабылданды. Ол 1 наурыз күні 00.00-де күшіне енеді. Қаулы бойынша Оңтүстік Корея, Жапония, Италия яғни, 1-санаттағы елдермен рейстер саны қысқартылады. Ал Иранмен әуе қатынас 1 наурыздан бастап тоқтатылады. Комиссия отырысы бойынша, шетелге баруды жоспарлаған азаматтардың авиа қаражатын қайтару, жергілікті әкімдіктерде, денсаулық сақтау басқармаларына тұрғындар арасында жедел респиратуралық вирусты инфекциялар анықталған жағдайда оларды карантинға жатқызу тапсырмалары берілді.

Сонымен қатар, бұған дейін аурудың көп таралуына байланысты шет мемлекеттерден келген азаматтарымызды үш категория бойынша бақылауда ұстау жұмыстары жүргізіліп келеді. Спикер категориялар бойынша бірнеше мемлекеттердің қосылғанын баяндады. Бірінші категорида ҚХР болса, тізімді толықтырған Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Иран мемлекеттерімен қатар Ганконг, Макао қалалары және Тайвань аймағы енген. Екінші категория Сингапур, Тайланд, Малайзия. Үшінші категория Вьетнам, Германия, Австралия, АКШ елдері. Бүгінде Оңтүстік Кореяда 34 мын, Жапонияда 180, Иран Республикасында 170 ке жуық азаматтарымыз бар. Министрлік аталған мемлекеттерге шықпауды ұсынады.