Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың ақпараты бойынша, сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін стационарлар мен емханаларды дәрілік препараттармен қамтамасыз етумен «СК-Фармация» айналысады.

Вице-министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютор ауруханаларға құны 3 млрд теңгеге жуық медициналық препараттар таратуда, сонымен қатар 3 айға қажетті резерв құру үшін отандық өндірушілерден және импорттаушылардан дәрілік заттар сатып алынуда.

«Алдағы уақытта науқастардың болжамды саны бойынша бірыңғай дистрибьютор барлық ауруханаларды жыл соңына дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қоймаларды толтырады», - деді Л.Бюрабекова.