Қыш бұйымдар жасаудың шебері Биназир Нұр-Сұлтан қаласында мектеп ашып, қабілетті жандарды қыш өнерінің қыр-сырына баулуда.

«Қыш бұйымдарымыз ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде көрмеге қойылды. Көрмеде 6 ай бойы жасаған бұйымдарымыз 1 айда өтіп кетті. Қазір «Биназир» атты мектебімді аштым. Кішкентай балаларға, үлкендерге осы қыш бұйымдарын, керамикалық сувенирлерді жасаудан және арт-терапиялық мастер класстар өткіземін», - деді Binazir» брендының негізін қалаушы Биназир Cұлтан.

Өз кәсібін әлеуметтік бағадарламадан бастағанын да айтып өтті. Ең бірінші қадамын аутизм мен даунмен ауыратын балаларға арнап әлеуметтік бағдарлама жасап, Тұңғыш президент қорының бағдарламасы бойынша грант ұтып алу арқылы бастаған.

«Қазақстанда саз өте құнарлы. Үйткені түсті металдар шығады. Қандай түрлері болсада әлемдегі ең жоғары сападағы қыш бұйымдарын шығаруға бізде мүмкіншіліктер өте зор», - деді Биназир Cұлтан.