2020 жылдың соңына дейін әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді 100% электрондық форматқа көшіру жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

Өз сөзінде министр 2019 жылы ғана әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді электрондық форматқа көшіру 2,2 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бөлігінде 2019 жылдың басында электрондық қызметтердің үлесі 42%-ды құрады, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 83% - ға артты. Өсімге Еgоv порталында 6 мемлекеттік қызметті орналастыру және 10 қызметті белсенді форматқа ауыстыру арқылы қол жеткізілді. 2020 жылдың соңына дейін электрондық қызметтердің үлесін 100% – ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деп түйіндеді Біржан Нұрымбетов.