Қазақстанның фармацевтикалық нарығы импортқа тәуелді болып табылады. Отандық өндірушінің үлесі 13% құрайды. Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» компаниясы отандық медициналық препараттар өндірушілерді қолдау мақсатында құрылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрлі Людмила Бюрабекова хабарлады.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол, 10 жылға ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу арқылы Бірыңғай дистрибьютордың отандық өндірушілерден сатып алу көлемі бірнеше есеге артқанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютордың номенклатурасының 50% отандық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардан тұрады», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.