Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, «Астана медицина университеті» КЕАҚ жедел медициналық көмек, Анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова бүгінгі таңда пандемия жағдайында қажеттілікті ескере отырып, зертханалық диагностика дәрігерлерін даярлау, басқа мамандық дәрігерлерін қайта даярлау бағдарламасы дайындалғанын хабарлады. Мамандар даярлау 3 тамыздан басталады.

Қазіргі уақытта, Н.Малтабарованың айтуынша, елдің барлық аймақтары бойынша бағдарлама дайын екені туралы ақпараттық хаттар жіберілген.