Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындауға және төлеуге байланысты процестерді цифрландыру бойынша тапсырма берген болатын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов осы бағытта атқарылып жатқан жатқан жұмыстармен және олардың нәтижелерімен таныстырып өтті. Бүгінгі таңда әлеуметтік-еңбек саласында 44 мемлекеттік қызмет түрін көрсету қарастырылған, оның ішінде 91% электрондық түрде көрсетіледі.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-еңбек саласында азаматтарға жалпы саны 12,4 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 7,8 млн -электрондық форматта. Ағымдағы жылы электронды қызметтердің үлесін 93%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік-еңбек саласының барлық қызметтеріне, соның ішінде карантин және шектеу шаралары кезінде электрондық және проактивті форматта көрсетілген мемлектеттік қызметтерге талдау жасалды. Оның нәтижесі бойынша, қызметтерді электронды немесе проактивті форматқа ауыстурудағы, сондай-ақ электронды немесе проактивті форматқа ауыстырылған қызметтердің көрсетілудегі тежеуші факторлар анықталды», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, қажетті құжаттарды цифрландыру және ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті алушыларға ыңғайлы болу мақсатында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініштерді эксаумақтық принцип бойынша қабылдау жүзеге асырылмақ. Бұл принцип бойынша азаматтар өзінің тіркелеген жерінен ғана емес, басқа да өңірлерден зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш бере алады. Қызметтерді кезең-кезеңмен эксаумақтық принципке ауыстыруды ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап іске қосу жоспарланған.