ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі баспасөз алаңында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының жаңа төрағасы Михаил Мясниковичпен Еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелері бойынша эксклюзивті сұхбат ұйымдастырды.

Өз сұхбатында М.Мясникович Қазақстан Президенті Қ-Ж.Тоқаевпен, ҚР Премьер-Министрі А. Маминмен және ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Д. Назарбаевамен кездесулердің қорытындылары туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар, М. Мясникович ЕАЭО қызметі аясындағы проблемалық мәселелер, оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамыту бойынша алдағы жоспарлар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

С. Мясникович Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевпен және премьер-министр А. Маминмен екіжақты кездесулер барысында Еуразиялық кеңістіктегі халықаралық саудадағы жалпы тәсілдерді қайта қарау кезінде, сондай-ақ техникалық регламенттер мен Техникалық реттеу аспектілерін қалыптастыру кезінде Қазақстанның ұлттық мүдделерін сақтау мәселелеріне басты назар аударылғанын атап өтті.

Сұхбаттың соңында ЕЭК төрағасы өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар ЕАЭО қатысушы-елдерінің ұлттық мүдделерін ескере отырып, экономикалық интеграцияны тереңдетудің мақсатқа сай екендігіне көз жеткізгенін айтты.