Індеттің қарқынды таралуына байланысты бар төсек қорын күн сайын кеңейтуді, сондай-ақ КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеу үшін жаңа төсек-орын құруды қажет етеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметте өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Айта кетейік, өңірде 2185 төсек, оның ішінде КВИ диагнозы расталған науқастар үшін 800 төсек бар. COVID-19 күдікті пациенттер үшін провизорлық стационарларда 1355 төсек-орын дайындалды. Карантиндік стационарларда жұқтырылған науқастармен байланыста болған пациенттер үшін 50 төсек-орын ашылған.

"Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда резервте 1182 төсек-орын бар. 1 тамызға дейін коронавирусты инфекциямен ауыратын науқастар үшін 5 мың төсек-орын дайындалады", - деп толықтырды аймақ басшысы.

Сондай-ақ, аурудың өсуіне байланысты коронавирустық инфекциямен және пневмонияның ауыр түрлерімен ауыратын науқастарды стационарлық емдеуді қамтамасыз ету үшін төсек қорын кезең-кезеңмен өсіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.