Елордада төсек қоры қосымша 53% - ға өсті.

12 маусымнан бастап инфекциялық және провизорлық стационарлардағы қосымша төсек-орын саны қайта бейіндеу есебінен 821-ге (53% - ға өсті) ұлғайды. Төсек қорын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басшысы Сауле Кисикова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, 18 маусымнан бастап қалада коронавирусты жұқтырған жүкті әйелдерге арналған перинаталдық орталық жұмыс істейді.

Жалпы, бүгінгі таңда Елордада қуаттылығы күніне 5 мың зерттеу жүргізетін 8 зертхана жұмыс істейді. Күн сайын 4,5-4,7 мың зерттеу жүргізіледі. Тестілер санын көбейту бойынша жұмыс жалғасуда. Халыққа кеңес беру қызметін көрсету үшін 17 маусымда жедел жәрдем стансасының базасында күн сайын 500-ге дейін азаматтардың жүгінуіне арналған колл-орталық ашылды. Барлығы 3 мыңға жуық азаматтардың өтініштері келіп түсті.