Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-баспасөз конференциясы аясында вице-премьер Е.Тоғжанов Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар туралы айтты.

Спикердің ақпараты бойынша, Қазақстандағы коронавирустық инфекция аурушаңдығының өсуі мен эпидемиологиялық жағдайдың асқынуын ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

Көлік қатынасы бойынша:

  1. Халықаралық әуе қатынасындағы елдер тізімін одан әрі ұлғайтпай сақтау.
  2. Аймақтар арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын (шектеулермен) сақтау.
  3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автоқатынасы тоқтатылады.
  4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу. Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:
  5. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу.
  6. Ашық ауада жеке жаттығуларға рұқсат етіледі.
  7. Халықтың көшелерде, саябақтар мен скверлерде 3 адамнан артық жүруіне тыйым салынады.
  8. 65 жастан асқан адамдардың қозғалысын шектеу.

Қызметке тыйым салу:

  1. Спорттық залдар, фитнес-орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет объектілері, мұражайлар, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни объектілер және т.б. (СОО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).
  2. Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80% - ы үшін қашықтан жұмыс нысанын сақтау.
  3. Медициналық орталықтардың қызметі алдын ала жазылу бойынша сақталады.
  4. Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау.
  5. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мынадай объектілердің қызметін сақтау: ашық ауадағы қоғамдық тамақтану; үздіксіз өндірістік циклі бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы жұмыстары, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы.

Халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде автожуу, автомобильдер мен тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚО, екінші деңгейдегі банктер (бірақ уақыт бойынша шектеумен).