ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдеріне арналған онлайн-режимде ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров сөз сөйледі.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың ақпараты бойынша, сауда нысандары өз жұмысын жалғастыратын болады.

"Төтенше жағдай кезіндегі басты міндет – халықты азық - түлікпен дер кезінде қамтамасыз ету", - деп атап өтті Б. Сұлтанов.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық сауда объектілері (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер) жұмыс істейтін болады.

  • Барлық сауда нысандары күшейтілген дезинфекциялық режимді енгізуге міндетті.
  • Ұзын-сонар кезекке жол берілмеуі керек. Ол туындаған кезде адамдар арасындағы қашықтық кемінде бір метр болуы тиіс.

Ірі сауда объектілеріне мынадай талаптарды сақтау қажет:

  • өз аумағына келушілерді тек қана бетперде киген жағдайда жіберу (маска болмаған жағдайда бетперде тегін беруді қамтамасыз ету), келушілерге коронавирусты алдын алу бойынша жаднамаларды таратуды қамтамасыз ету.
  • келушілердің жағдайын тұрақты мониторингілеу үшін барлық қолданыстағы кіреберістерде тепловизорлар орнату.

Ірі сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс режимінде шектеу енгізіледі:

  • ірі сауда нысандары, азық-түлік нарықтарын қоса алғанда, сағат 10-нан 18-ге дейін жұмыс істейтін болады;
  • азық-түлік емес базарлар сағат 11-ден 17-ге дейін жұмыс істейтін болады. Адамдардың жаппай жиналуына (кинотеатрлар, театрлар, көрмелер) жол бермеу тұрғысында сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметі тоқтатыла тұрады. Осыған байланысты ойын-сауық нысандары жабылады. Олар кинотеатрлар, көрмелер, балалардың ойын алаңдары, балалардың дамыту орталықтары, хайуанаттар бақтары, мұз айдындары және т. б. Сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан дәріханалар, азық-түлік және өнімсіз дүкендер жұмысын жалғастырады және санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып жұмыс істейтін болады. Фуд-корттар өз жұмысын санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып жалғастырады.

СОО-дан тыс орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері:

1) шектеу, жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін;

2) бір мезгілде 50 адамға дейін келушілердің санын шектеу. Бақыт Сұлтанов кәсіпкерлерге "ашылған мүмкіндіктер терезесін " пайдалануды ұсынды. Мәселен, дәмханалар, мейрамханалар, асханалар санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, онлайн жеткізу мүмкіндігін белсенді пайдалана алады.

Барлық сауда және қызмет көрсету объектілері (сұлулық салоны, ателье және басқалар) ұсынылады: — әрбір сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтар мен есіктерді, лифтілерді және әрбір үш сағат сайын едендерді өңдеу;

  • объектілерді үнемі желдетуді жүргізу, ауаны сыртынан алу арқылы үй-жайларды сүзуді және желдетуді арттыру.

  • қолдарды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты қолдану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

  • объектіге іргелес жатқан аумақты тәулігіне 1 реттен кем емес дезинфекциялау құралдарымен өңдеу.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров КОVID-19 вирусының таралуына байланысты елде жарияланған ТЖ жағдайында ветеринарлық және фитосанитарлық қызметтер барлық сауда объектілерінде – СОО, базарларда, ірі, орта және шағын сауда орындарында штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыратынын хабарлады. Тек қана ЕАЭО мүше-мемлекеттермен және үшінші елдермен шекарадағы ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау-өткізу бекеттері үшін ғана ерекшелік жасалған. Олардың жұмысы күшейтіледі.

Ведомство басшысы Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелу мен транзиттеуге қосымша шектеулер енгізілмейтінін хабарлады. Бұған дейін – ағымдағы жылдың қаңтар айында Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дан балық және балық өнімдерін әкелуге және транзиттеуге қажетті шектеулерді енгізді.

ЕАЭО мен үшінші елдерден ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелу мен транзиттеуге көліктің барлық түрлерінде рұқсат етілген. Барлық қажетті рұқсат беру және ілеспе құжаттар штаттық режимде беріледі.

Сапархан Омаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар тауарларды экспорттаушылармен оларды ішкі нарыққа қайта бағыттау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынысын ерекше атап өтті.