Қостанай облысында өкпені жасанды желдетуге арналған 210 аппарат бар, оның ішінде орталық аудандық ауруханалар 1-2 аппараттан қолданады. Шілденің соңына дейін тағы 47 жаңа аппарат алынады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осылай деді.

Оның аутынша облыстағы медициналық ұйымдарға медициналық және індетке қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін 11 мың қорғаныш комбинезоны, 10 мың дәке таңғыш, медициналық маскалар, 3,5 мың қорғаныш көзілдірігі, 800 дезинфекциялық құрал, 170 денеге жанаспайтын термометр, төсектің жанына орнатылатын 60 монитор, 40 ӨЖЖ аппараты, 20 ларингоскоп, 20 дефибриллятор, 5 видеобронхоскоп, 3 қандағы газ анализаторы сатып алынды. Сондай-ақ 80 бірлік санитарлық көлік сатып алынды.